The Holy See
back up
Search
riga

Папалық Кеңес Дінаралық диалог үшін

 
Христиандар мен мұсылмандар:
кедейшілікті жеңу үшін бірге
 

Рамазан айының аяқталуына арналған жолдау
‘Id al-Fitr 1430 Н./2009 А.D.

 

Құрметті Мұсылман Достар,

1. Рамазан айының аяқталуына байланысты сіздерге бейбітшілік және мерей
тілеуім борыш, осы Жолдау арқылы христиандар мен мұсылмандар: кедейшілікті жеңу үшін бірге атты ортақ ойды ұсынғым келеді.

2. Осы Жолдау арқылы жыл сайын Дінаралық Диалог дәстүрге айналып,
көп күткен жүздесуге ұласқанына біз әрине қуануымыз керек.   Көптеген елдерде бұл  Жолдау Христиандар мен Мұсылмандар арасындағы достық  кездесуге себеп. Сонымен қатар бұл Жолдау ортақ алаңдауға сәйкес жағдайларға байланысты нанымпаз және ашық алмасуға себепкер болып отыр. Осы элементтердің бәрі Құдайға шүкір біздің бәріміздің арамыздағы достықтың белгісі емес пе?

3. Үстіміздегі  жылдың  тақырыбына келсек, кедейшілік  жағдайда қалған адамзат діни сенімі әр түрлі болса да бізге қымбат өсиеттің аясында болады.
Ағайындар мен қарындастар, бәріміз адамзат кауымында орнын қайта табу
үшін кедейге білдіре алатын ілтипатымыз, рақымшылығымыз және көмегіміз
Кұдіретті   Құдайға   деген   махаббатымыздың   нақтылы   сыны,   себебі.   Ол,
түр-түсіне айырмашылық  жасамай адамзатты сүйіспеншілікке және көмек
етуге үндейді.Кедейшілік кор ететіні және төзімсіз азап шектіретіні бәрімізге белгілі; ол көбісіне шеттету, ашу, тіпті өшпенділікке және кек калауына негіз болады. Басқа сөзбен айтқанда,  басқа біреудің байлығын, соның ішінде тыныштық  пен сенімділікті жалған «кұдайшыл әділеттілік» атынан жаулап алып, ол әрекеттерді діни ойланумен ақтауға талпына отырып, ол қол жетімді шаралармен жаушылық  әрекетке итермелеуі мүмкін. Дәл осы себеппен экстремизм және зорлау феноменімен күресе отырып, Папа Паоло VIанықтаған «бейбітшіліктің жаңа есімі» түсінігі арқылы  адамзат қауымын  біркелкі дамыту үшін кедейшілікпен күресу керек (Энцикликал Хаты, 1975, № 76).

Адамзаттың рақымшылдық пен ақиқатта біркелкі дамуы туралы таяудағыхатында, Әзірет, Папа Бенедикт XVI, даму үшін жігердің  өзекті мәтінін ескере отырып, "дүние жүзіндегі бар заттың орталығы және төбесі" (№ 57) Құдайға адамзаттың ашылуын қорғай отырып, "жаңа гуманитарлық синтездің" (№ 21) кажеттігін білдіреді. Алайда, шын даму «бәрі адам және барлығы адамдарға» негіз болмауы мүмкін емес (Populorumprogressio, № 42).

4. Осы жылдың 1-ші қаңтарындағы Әлемнің Бейбітшілік Күніне орай өз уағызында Папа Бенедикт XVI, кедейшіліктің екі түрін белгіледі: күресетін кедейшілік және таңдаулы кедейшілік.

Күресетін кедейшілік бәріміздің көз алдымызда: ашаршылық, ауыз судың тапшылығы, дәрігерлік бақылаудың және барабар тұрғын үйдің жоқшылығы, оқу және мәдениет жүйелерінің жоқшылығы, сауатсыздық және де кедейшіліктің жаңа түрлері бар екенін ұмытпауымыз керек, олар "мысалы, бай және дамыған қоғамдардағы маргиналдылық феномені, карым-катынастық, моральдық және рухани кедейшілік" (Әлемнің Бейбітшілік Күніне  арналған Жолдау 2009, № 2).

Таңдаулы кедейшілік ол маңызды өмір түріне шакыратын, шығындарды шектейтін және коршаған ортамен Жаратылыстың барберекесін қадірлейтін кедейшілік. Бұл кедейшілік, ең болмаса жылдың кей мезгілінде, ұстамдылық пен оразада болады.   Таңдаулы   кедейшілік  бізді Өзімізден   шығуға  дайындап,   жүректібайытады.

5. Дінге сенушілер ретінде, кедейшілік азаптарына берік және дұрыс шешімдерді  ортақ  ізденіс   қазіргі   заманның   өзекті   қиыншылықтары  туралы
ойлану және де мүмкіншілік бар жерде жауапты табу үшін бірге күш жұмсауды білдіреді. Біздің қоғамдардың жаһанданумен байланысты     кедейшілік көріністеріне нұсқа болатын рухани және моральды мағынаға ие болу керек, индивидуум, халықтар мен ұлттар, бәрі де өз жүріс - тұрысын ағайындылық және жауапкершілік қағидасы негізінде реттейттін бір ортақ адамзат отбасын кұру үшін белсенділік танытуымыз қажет.

6. Кедейшілік феноменінің жиынтығына байланысты  көзқарас бізді  терең басты себеп ретінде адамзаттың табиғи қасиетке деген құрметтеудің тапшылығына әкеледі және де бізді шаралары тек шарттасқан сипаттары емес, әр адамзаттың санасында Жаратушы енгізген табиғи заңда қалыптасқан (сf. Rom 2, 14-15), мысалы, «бірыңғай әдеп кодексін» қолдану арқылы ғаламдық ынтымақтастыққа үндейді  (Джиованни  Паоло  II,  Понтификтің  Әлеуметтік Ғылыми  Академиясында Сөйлеген Сөзінен, 27 сәуір 2001, № 4).

Жаңа және бақытты  болсын!

 

Кардинал Жан-Луиз Тауран
Президент

Архиепископ-Дінбасы Пьер Лутджи Челата
Хатшы

Pontifical Council for Interreligious Dialogue
00120 Vatican City
Tel.: +39.06.6988.4321 / 06.6988.3648
Fax: +39.06.6988.4494
E-mail: dialogo@interrel.va

 

top